«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2017 жылы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін  азаматтарды бастапқы медициналық-санитарлық көмек (әрі қарай – БМСК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне тіркеу науқаны басталатынын хабарлайды. Кампания ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестріне №11268 тіркелген) және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау субъектілерінен ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №15604 тіркелген) сәйкес жүргізіледі.

Тіркеу кампаниясы тек ТМККК және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер, Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қорына тіркелген медицина ұйымдары арасында ғана өткізіледі.

Денсаулық сақтау субъектілерінің деректер қоры 2017 жылдың 14 қыркүйегінде уәкілетті органның (www.mz.gov.kz), облыстар, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (www.fms.kz) интернет-ресурстарына орналастырылады.   

Азаматтар тіркелу үшін БМСК ұйымдарына тікелей хабарласып, жазбаша өтініш білдіреді немесе жеке куәліктің көмегімен «электронды үкіметтің» веб-порталы арқылы тіркеле алады.

Он сегіз жасқа толмаған тұлғаларды тіркеу үшін тіркелетін адамның және оның заңды өкілінің жеке куәлігі талап етіледі.

11.09.2017
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
В АСТАНЕ ЖУРНАЛИСТАМ ПРЕЗЕНТОВАЛИ НОВУЮ МОДЕЛЬ ПЕРВИЧНОЙ МЕДПОМОЩИ
АСТАНАДА ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ЖАҢА МОДЕЛІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Астана қаласының №5 қалалық емханасында баспасөз туры өтті. Оған журналистер мен БАҚ өкілдері қатысып, жаңғырту жұмыстарының нәтижелерімен танысып, елордадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің дамуы перспективаларын талқылады.
25.07.2025
ИП И ОСМС-2025: ЧТО ВАЖНО ЗНАТЬ ПРО ВЗНОСЫ И ЛЬГОТЫ
ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛЕР МӘМС ТӨЛЕМДЕРІ МЕН ЖЕҢІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
Жеке кәсіпкерлер үшін МӘМС-ке тұрақты түрде жарна төлеу маңызды. Себебі бұл сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік беретін мәртебені сақтауға септігін тигізеді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2025 жылы жарналарды қалай дұрыс әрі ыңғайлы төлеу керектігін түсіндірді.
24.07.2025
ТОП ВОПРОСОВ ПО ОСМС
МӘМС ТУРАЛЫ ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек алу мәселесі бойынша жиі қойылатын сұрақтардың жаңа топтамасын дайындады. Олардың басым бөлігі сақтандыру мәртебесіне қатысты.
22.07.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу